Д. Нөкетаеваның пікірінше, бүгінгі күні мемлекеттің экономикалық жетістігі ең алдымен адами фактормен, азаматтардың интеллектуалды әлеуетімен анықталатыны әлемде мойындалды. Жоғары дамыған экономикасыз алыс та жақын, жарқын болашақ мүмкін емес. Ғылыми зерттеу мен терең білімсіз экономиканың дамуы мүмкін емес.
Өндіріс дамуының негізгі факторы ретінде жер, капитал, қол еңбегі пайдаланғаны дүниежүзілік тарихтан аян. XVII - ғасырдың өнеркәсіп революциясы шикі заттың рөлін кенеттен күшейтті. Қазіргі индустриялды-ақпараттық қоғамда жағдай түбінен өзгерді: өндіріс дамуының негізгі факторы ретінде өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігі, экономикалық мақсаттылық, технологиялардағы инновацияның үдерісі болып отыр. Бұл факторлар, өз кезектерінде кадрлардың білім деңгейі мен интеллектуалдігіне көбірек тәуелді болады.
Елдердің артықшылығы табиғат қорларының байлықтарымен немесе арзан жұмыс күшімен айқындалуы бара бара кеміп барады, көбіне-көп техникалық инновация мен білімді бәсекелік түрде пайдалануы басым.
Келешек - халқы ақпаратты, білім және технологияларды аса тиімді де нәтижелі пайдаланатын елдерге тиесілі болады, яғни барлық уақытта өзгеріліп отыратын жағдайлар мен технологияларға бейімделуге икемді мамандарды даярлау неғұрлым сапалы болса, соғұрлым елдің экономикалық дамуы тиімді болады.
«Елбасы «Назарбаев Университеті» студенттеріне оқыған дәрісінде «Сарапшылардың есептеуі бойынша, мықты дамыған елдердің ұлттық байлықтарының жалпы көлемінің шамамен 15 пайызы - материалдық құндылықтарға, 15-20 пайызы - табиғат қорларына, ал 65 пайызы - адам капиталына келеді», деп атап өтті. Сонымен, адам капиталы адамның білім алу мен тәжірибелік қызмет барысында алған және оған кәсіптік қызметін ойдағыдай орындауға жағдай туғызатын білім, іскерлік, дағды түрлерінде капитал ретінде анықталады. Алайда, бұл ұғымды біз едеуір кеңейте аламыз, әсіресе, егер біздер адам капиталы туралы елдің жаңартулық дамуы мен оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру контекстінде айтсақ. Адам капиталы - тұрақты дамудың құрылымдық құрамның бірлігі. Адам капиталын дамыта келе біз тек тұрақты даму жолмен ғана емес, сонымен қатар бәсекеге қабілетті қоғам құра аламыз»,- дейді депутат.
Оның пайымдауынша, адам және еңбек әлеуеттерін іске асыруда қажетті жағдайлар мен мүмкіндіктер және басқалармен қатар екі басты фактор қамтамасыз етеді. Олардың біріншісі - белсенді және жемісті қызмет жасауға мүмкіндік беретін денсаулық. Екінші фактор - қол жетімді, сапалы және үздіксіз білім, себебі дәл осы жалпы және кәсіптік білім және жаңа технологиялар инновациялық даму, өндірістердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен замануи экономиканың тиімділігін қамтамасыз етеді.
«XXI-ғасырда аса дамыған индустриалдық елдер білікті мамандарды дайындау мен тартуға күш салуды күшейтуі кездейсоқ емес. Сондықтан, макроэкономикалық тенденциялардың өзгеруіне жауап ретінде пайда болған адам капиталының теориясы шеңберінде, білім алу, дене саулығы, оқыту сапасы, өндірістік тәжірибе көлемі деңгейі мен еңбек ақы арасында белгілі бір байланыс бар. Сонымен, жеке адамның сапалы сипаттамаларын арттыруға бағытталған шығындар инвестиция ретінде қаралады. Яғни, бұл шығындар тұтынушылық болып емес, өндірістік ретінде қаралады, себебі олар уақыт өте келе бірнеше рет табыспен орны толтырылады деп болжау жасалынып отыр»-, - деп атап өтті Д. Нөкетаева өз сөзінде.
Оның айтуынша, жаңа білім де және жас ұрпаққа білім беру институты да қоғамдық игіліктен рынок тетігінің бөлігіне, еліміздің жоғары технология саласындағы ғаламдық көшбасшы болу үшін бәсекелік күрестің құрамына айналады. «Дәл осы үдерісті біздер АҚШ-та, Батыс Еуропа және Жапонияда байқаймыз. Олардың жетекші жоғары оқу орындары бұл мәселенің шешуі тар мамандандырудан кетіп, кең профильді кадрларды дайындауда деп отыр. Бұл міндетті, әр түрлі сала бойынша шоғырланған ғылыми мектептер ғана емес, сонымен қатар, алған білімдері өздерінің ғылыми зерттеулерімен тұрақты түрде қолдайтын оқу орындары жақсы орындайды», - деді ол.
Д. Нөкетаева келтірген деректерге сүйенсек, Қазақстандағы білім беру мен кадрларды қайта даярлау жүйесінің сапасы біршама төменгі деңгейімен сипатталған: халықаралық рейтингке сәйкес Қазақстан білім беру жүйесінің жалпы сапасы бойынша 59-орында, ал мысалы, басқару бойынша 134 елдің ішінде 98-орында тұр. «Рынокта білікті жұмысшы кадр тапшылығына әкеп соғатын жоғары оқу мен орта кәсіптік білім берудің арасында айқын «ауытқу» бар. Дарындыларды тарту мен ұстап қалуда тиімді саясат жоқ. Қазақстан Республикасы кадрлардың қарқынды жылыстауы бойынша халықаралық рейтингте - 134-ің ішіндегі 57-орында тұр. Сауалнама нәтижесі көрсеткендей Қазақстанда ақпараттық - коммуникациялық технологиялар мамандарының шамамен 64 пайызы шет елге кетуге тілек білдірген, бұл ең алдымен көбірек жоғары табысқа ұмтылудың салдары, сондай-ақ мансап пен әлеуметтік пакет бойынша мүмкіндіктерінің қанағаттанбағандарынан туындап отыр. Елдің адам капиталының дамуына мемлекет жалпылай да, сондай-ақ жеке позициялар бойынша да нақты міндет қойды. Нәтижесінде бізге өмір сүрудің ұлттық стандарттарын жүйелі түрде жақсарту қажет»,-дейді депутат.
Депутаттың пікірінше, барлық жүйелі үштағаның «адам-қоғам-мемлекет» әлеуметтік - экономикалық дамуының ғаламдық стратегиялық мақсаты адам мен отбасының жан-жақты, үйлестірілген дамуы, адами және еңбек потенциалдар, экономика мен қоғамның инновациялық дамуы болады.