Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған азаматша К. және Х. деген азаматтарды қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін қаржы полициясы қызметкерлеріне пара беруге итермелеп, алаяқтық жолмен 800 мың теңгесін иемденіп кеткен. Сөйтіп БҚО бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) қызметкерлерінің қолына түскен.
10:51, 19 Қаңтар 2011
Адамдарды алдап, ақшаларын иемденіп кеткен азаматшаның ісі сотқа берілді - БҚО
ОРАЛ. 19 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Облыс прокуратурасы Г.Бақтыгерееваның үстінен ҚР 177-бабы 2-бөлімі, 28-бабы 4-бөлімі, 312-бабы 4-бөліміне сәйкес (алаяқтық, пара беру) қозғалған қылмыстық істі сотқа жіберді.