08:43, 16 Сәуір 2009
Адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышын жұқтыру оқиғалары азайып келеді
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Сәуірдің 16-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Ағымдағы жылдың екі айында облыста адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышын жұқтырған 16 адам анықталды,
бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен екі есе аз, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Өңірде инфекция жұқтырған барлығы 1 335 адам тіркелген, ең көбі - 1 мыңнан астамы - облыс орталығында тіркеліп отыр. Көңілі қалағандар Павлодар мен Екібастұзда құрылған анонимді кабинеттерге келіп, тегін экспресс-диагностикадан өте алады. Ал облыстық ЖҚТБ (СПИД) орталығының зертханасы тексерілетіндердің санын көбейту үшін жаңа жабдықтар алып отыр.