Аден бұғазында зілзала болды

АСТАНА. Қарашаның 20-сы. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Ұлттық геологиялық қызметі Сомали мен Йеменнің ортасындағы Аден бұғазында Рихтер бағамы бойынша 5 баллдық зілзала болғанын мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.

Ұйымның деректері бойынша жерасты дүмпуінің кіндігі 10 шақырым тереңдікте, Йеменнің Әл-Мукалла қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 240 шақырым қашықтықта болған. Ықтимал цунами, сондай-ақ құрбан болғандар мен қирағандар туралы хабар түскен жоқ.