Әділет министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінде кадрлық өзгерістер болды
деп хабарлайды аталмыш комитеттің баспасөз орталығы.
Пенитенциарлы жүйенің баспасөз орталығы атап өткендей, Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы қатаң режімді түрмеден маусымның 22-сі күні қылмыскерлердің қашып кетуі жұртшылық арасында кең талқыға түскен еді. Қаза тапқандар мен жарақат алғандар бар. Осындай төтенше жағдайдан кейін Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің барлық басшылары өз еркімен отставкаға кету туралы рапорт берген. Бүгінгі таңда министр тек жеке қызметтік тұлғалардың өтінішін қанағаттандырды. ҚАЖК төрағасынан басқа, тағы да екі орынбасар отставкаға кетті.
Қазіргі таңда ҚАЖ комитеті төрағасының қызметін орынбасарлардың бірі, құқық қорғау органдарында көп жыл қызмет еткен, әділет полковнигі, 54 жастағы Марат Шабақбаев атқаруда, деп атап өтті баспасөз орталығы.