13:43, 28 Сәуір 2009
Әділет Министрлігінде қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру мәселесіне арналған брифинг өтеді
АСТАНА. Сәуірдің 28-і. ҚазАқпарат - Ертең, сәуірдің 29-ы күні сағат 12:00–де Әділет Министрлігінде Қазақстан Республикасының Президентінің 2009 жылы сәуірдің 22-сіндегі №793 жарлығы бойынша
«Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» тақырыпқа арналған брифинг өтеді. Шара Тіркеу қызметі және құқықтық қызмет көрсету комитеті төрағасының орынбасары Жолдыбаева Ғалияның қатысуымен өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.