Астана қаласы тұрғындарына тегін заңгерлік көмек көрсету мақсатында департаменттің жауапты қызметкерлерінен, мемлекеттік органдардың заңгерлерінен, қалалық Нотариаттық палата және адвокаттар алқасының өкілдерінен тұратын ақпараттық-насихаттық топ құрылды.
Акция барысында ақпараттық-насихаттық топ және Астана қаласы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің өкілдері Астана қаласының ЕЦ-166/22 мемлекеттік мекемесінде болды. Кездесуге қатысушылар өздерінің кассациялық шағым, сот шешіміне қайта шағымдану, жеке мүлікті заңдастыру және басқа да мәселелері бойынша сауалдарын қойып, ақпарттық-насихаттық топ тарапынан сәйкесінше жауаптарын алды.
Кездесу соңында қатысушылар аталмыш шараға қолдау білдіріп, халық арасында осындай заңгерлік көмек және құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жүргендерге алғыстарын білдірді.