ОРАЛ. 26 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - «Әділет» демократиялық партиясы БҚО филиалының облыстық конференциясында алдағы VІІ съезге делегаттар сайланып, жаңадан қабылданған 40-тан астам адамға партиялық билеттері табыс етілді.
Өңірде партияның 2,5 мыңнан астам мүшесі бар. Олар негізінен Орал қаласында, сондай-ақ Жәнібек, Тасқала, Бөрлі аудандарында шоғырланған.
Облыстық филиал төрағасы Мұхит Бисенғалиев алдағы сайлауға әзірлік туралы әңгімелеп берді. Астана қаласында қараша айының аяғында өтетін партия съезіне облыстан алты адам қатысатын болады. Сондай-ақ тағы алты адам жергілікті өкілді органдарға өтуге үміттеніп көрмек.
Конференцияда облыс тұрғындарын әділеттілік үшін күреске, сайлауды тең құқылық жағдайында, әділ өткізуге шақырған үндеу қабылданды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).