деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен.
Н.Жаңахметов 1965 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Үш жоғары білімі, басшылық қызметтерде жиырма жылдық жұмыс тәжірибесі бар.
Еңбек жолын 1987 жылы Павлодар көліктік прокуратурасының тергеушісі болып бастады.
1992 жылы Көкшетау көліктік прокуроры болып тағайындалды, Степногор және Көкшетау қалаларының прокуроры, Бас прокурордың кеңесшісі болып жұмыс істеді.
Көкшетау облысы прокурорының орынбасары және бірінші орынбасары, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Павлодар облысы прокурорларының орынбасары қызметтерін атқарды.
Мемлекеттік марапаттары бар, прокуратураның құрметті қызметкері болып табылады.