18:38, 08 Сәуір 2009
«Аджип ККО» зауытының құрылысы маңында жәндіктердің жаппай көшуі байқалады ? Атырау облысы
АТЫРАУ. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысында «Аджип ККО» компаниясы құрылыс жұмысын жүргізіп жатқан «Болашақ» мұнай өңдеу зауытының маңында дала есекқұрттарының жаппай көшуі байқалуда,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Есекқұрттар түнгі уақытта «Атырау - Астрахан» бағытындағы тас жолды кесіп өтуде. Тек қана тәуліктің қараңғы мезгілінде емес, олар жолдан күндіз де өтіп жатқан көрінеді. Көліктердің дөңгелегінің астында қалып жатқан жәндіктердің саны күннен-күнге өсе түсуде, жолдың кейбір жерлерінде олардың жансыз сүлделері кәдімгідей-ақ, жиналып қалған. «Аджип ККО» баспасөз қызметі хабарлағанындай, әлі іске қосылмаған зауыттың қазіргі уақытта жәндіктерге әсер ете қоюы екіталай. Дегенмен, мұндай құбылыстың үлкен құрылыс алаңының жанынан орын алуы зауыт басшылығының ҚР Ғылым академиясының зоология институтынан көмек сұрауға мәжбүрледі. Энтомолог-ғалымдар жәндіктердің жаппай көше бастауының мәнісін зерттей бастамақ. Ал бұған дейін бұл жерлерде есекқұрттың мұншалықты көптігі байқалмаған.