Афиныдағы наразылық шараларының соңы тәртіпсіздікке ұласты

АСТАНА. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат - Афины орталығында болған бұқаралық наразылық шаралары бүгін түнде тәртіпсіздікке ұласты,

деп хабарлайды «Маяк» радиосы.

Мыңдаған демонстранттар үкіметтің дағдарысқа қарсы шараларына наразылықтарын осылай білдірді. Оларды тарату үшін полиция суатқыштар мен көзден жас шығаратын газ пайдаланды. Ондаған адам қамауға алынды.

Бүгін де Грекияда бұқаралық ереуілдер өтеді. Афиныда метродан басқа қоғамдық көліктердің қызметкерлері жұмыстарына шықпайды, әуе қатынасы да төрт сағатқа үзіледі.