Афинының орталығында бомба жарылды

АСТАНА. Қарашаның 25-і. ҚазАқпарат - Грецияның ПАСОК басқарушы партиясынан депутаттықа сайланған актер Яннис Вуростың қабылдау үйінің алдында кеше кешке шағын қуатты бомба іске қосылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.Ру сайтына сілтеме жасап.

Полицейлердің хабарлағанындай, зардап шеккендер жоқ. Афинының орталығында жарылған бомба депутаттық қабылдаудың есігін зақымдаған. Шабуыл үшін жауапкершілікті ешкім мойнына алған жоқ.