Ағайынды балалар ажал құшағынан құтқарылды

ҚЫЗЫЛОРДА. Сәуірдің 3-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ – Жердің тоңы жібіп, өзен бойымен сең жүре бастаған сәтте 4 жасар Жанел Байболатова мен үш жастағы Балжан Қасымова Қуаңдария ауылындағы ұңғыма суынан жиналған шағын көлшікке батып кетті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Алдарында келе жатқан бұл балалардың лезде ғайып болып кеткенін аңғарған №186 мектептің 9 сынып оқушысы Бекзат Рахманұлы шұғыл шешім қабылдап, салқын суға сүңгіп кетті.- Белуардан асатын суық суда бірі бүрісіп, бірі шанасын құшақтаған күйінде қалыпты. Әйтеуір, қос балғынды ажал құшағынан арашалап қалдым, ? дейді ол өткен оқиғаны есіне алып. Осындай батыл қадам жасаған Бекзаттың оқу үлгерімі де жақсы, қоғамдық жұмыстарға да белсене атсалысады. Бастысы, ол қос құлыншақтың өмірін сақтап қалды.