А. есімді азаматша өзінің туысқаны болып келетін мүмкіндігі шектеулі ағасы мен қарындасының атындағы пәтерді пайдалану құқығына ие болу үшін сенімхатқа қол жеткізген.
Соның арқасында 2013 жылдың ақпанында «Тастақ-1» шағын ауданында орналасқан 2 бөлмелі пәтерді мүгедектердің ырқынан тыс сатып жіберген.
Кейін Бостандық ауданы прокуратурасының бастамасымен қозғалған сот ісі барысында белгіленген сот-психологиялық сараптамаға сәйкес ағайындылар келісімге қол қояр мезетте психологиялық тұрғыдан науқас екендігі белгілі болып шықты.
№2 Алмалы аудандық соты мүгедек жандардың пәтерін сату туралы келісімді заңсыз деп тауып, мемлекеттік тіркеуді жоққа шығарды. Сот шешімі заңды күшіне енді.