"Ауыл шаруашылығы саласында қазірдің өзінде пайдаланылмай жатқан 3 миллион гектардан астам жер айналымға енгізілді. Кезіндегі заңдарға сәйкес адамдар жерлерді алғанымен мақсатты түрде пайдаланбады. Олар бос жатты. Біз бұл іске толығымен ревизия жүргіздік және заңнамалық тәсілмен оны мемлекет айналымына енгіздік. Аграрлық сектордың 24 мыңнан астам субъектісі ендігі уақытта жалға алған 97 млн. гектар жерді жеңілдікті шарттармен меншікке сатып ала алады", - деді Елбасы.
Осы ретте ҚР Президенті жердің қожайыны болуы керектігін атап өтті. Жердің қожайыны болса, ол одан өнім алуы үшін барынша күтіп ұстайтындығын, құнарсыздануына жол бермейтіндігін ескертті.