Бұл жөнінде ағылшын сарапшысы Джонатан Эйткен мәлімдеді.
Джонатан Эйткен - Ұлыбритания Министрлер Кабинетінің және Парламентінің бұрынғы мүшесі, 12 кітаптың авторы, олардың ішінде американдық президент Никсонның және ҚР Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаяндары бар.
Сарапшының айтуынша, Қазақстан Республикасының алдағы уақытта ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі Қазақстанның жаңа тарихының тың беттері басталатын өзіндік шекара болмақшы.
«Мәртебелі халықаралық ұйымға төрағалық ету ел үшін өзіндік жаһандық емтихан болмақшы және өте ауқымды жұмыстарды талап етеді», - деп мәлімдеді Джонатан Эйткен.