Мұндай пікірді бүгін Азиялық саяси партиялар Халықаралық конференциясы Бас Ассамблеясының 5-ші жиыны аясындағы секциялық мәжілісте Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Марат Құсайынов білдірді, хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның сөзіне қарағанда, жинақталған сұраныс және іскерлік белсенділік бюджет шығыстарын айтарлықтай жоғары деңгейде сақтау есебінен қамтамасыз етілетін болады. Бюджет шығыстары ең алдымен басымды инфрақұрылымдық және индустриялық жобаларды қаржыландыруға, отандық кәсіпорындардың өнімдеріне сұранысты қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығын дамытуға, жұимыспен қамтуға, сондай-ақ адам капиталын дамытуға бағытталады.
М. Құсайынов Үкімет әзірлеген 2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджетте басымды емес шығыстар қысқартылғанын, ал бірқатар бағдарламаларды қаржыландыру мейлінше кейінгі мерзімге ауыстырылғанын, бұл ретте әлеуметтік шығыстар қысқартылмағанын атап көрсетті.