«2013 жылы Атыраудағы хош иісті көмірсутектер өндіру кешеніне негізгі технологиялық құрал-жзабдықтар 100 пайыз қойылды және құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Жоба ағымдағы жылдың 3-ші тоқсанында іске қосылады деп жоспарланып отыр», - деді министр.
Сондай-ақ ол 2016 жылы жүзеге асырылуы тиісті терең қайта өңдеу кешені бойынша қазіргі уақытта консорциум «Синопек Инжиниринг» (ҚХР), «Марубени» (Жапония) және «ҚазСтройСервис» құрамында EPC-келісімшартына қатысты жұмыстарды бастағандығын атап өтті.