АСТАНА. 1 ақпан. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Өткен жылы елімізде 18 мың тоннаға жуық уран өндірілді. Бұл туралы бүгін Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің алқа мәжілісінде «ҚазАтомөнеркәсіп»Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Владимир Школьник мәлім етті.
«2010 жылы біз 17803 тонна уран өндірдік. Ал, тікелей «ҚазАтомөнеркәсіптің» қатысуымен өткен жылы өндірілген уран көлемі 9 мың тоннаны құрады», - деді ол.
Сондай-ақ оның атап өтуінше, ағымдағы жылы елімізде 19600 тонна уран өндіру жоспарланып отыр. «Біздің компанияның өндіріс үлесі 11 мың тоннадан астам уранды құрайды», - деді В. Школьник.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.