«Министрлік құрал-жабдықтардың бүлінуіне жол бермеу мақсатында медициналық техникаларды жоспарлау және сатып алу жүйесі менеджментін қайта қарастырды», - деді ол.
Оның сөзіне қарағанда, нәтижесінде Үкімет қаулысымен құны 5 млн. теңгеге дейінгі соманы құрайтын құрал-жабдықты медициналық ұйым өз бетімен сатып ала алады. Ал құны 5 млн.-нан 50 млн. теңгеге дейін тұратын медицналық техника лизинг арқылы алынуы тиіс.
«Ағымдағы жылы біздер медициналық техникаларға сервистік қызмет көрсетулерді ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдайтын боламыз», - деді С.Қайырбекова.