Бұл туралы Ахмадинежад Тегранда өткен лазерлік технологиялар көрмесінің ашылу рәсімінде мәлім етті, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
«Бұған дейін мен әлемдік державаларға, ядролық отынды алмастыру туралы келісімшарт жасауға 2-3 ай мерзім керек екенін айтқан болатынмын. Егер олар біздің шарттарымызбен келіспесе, онда біз уранды өзіміз байыта бастаймыз деген едік»,- деп атап көрсетті Ахмадинежад өз мәлімдемесінде.
«Енді, доктор Салехи, өз центрафугаларымызда 20 пайыздық уранды өндіруге кірісе беріңіз», - деп мәлім етті Ахмадинежад Иран Ислам Республикасының вице-президенті, Иранның Атом энергиясы жөніндегі ұйымының басшысы Әли Акбар Салехиге қарата айтан сөзінде.