Әкімнің айтуынша, бүгінгі таңда жобаны қаржыландыру көзі анықталған.
«Келесі жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз. Оның функционалы бұрынғыдай болады. Егер бұрын бассейн болса, ол қалады, егер болмаса — болмайды. Жанында Оқушылар сарайының құрамында салынып жатқан бассейн бар», – деді Жеңіс Қасымбек қала тұрғындарының сұрағына жауап бере отырып.
Бұған дейін, 2025 жылғы 8 сәуірде «Қазақстан» спорт сарайын қайта жаңарту жобасы бойынша мемлекеттік сараптама қорытындысы алынғаны хабарланған еді.
«Қазақстан» спорт кешені 2001 жылғы наурызда ашылған. 2007 жылы хоккей клубы «Барыстың» Құрлықтық хоккей лигасына қатысуына байланысты кешен қайта жөнделіп, клубтың негізгі аренасы ретінде пайдаланылды.
2018 жылғы тамызда кешендегі бассейн жөндеуге жабылды, ал 2019 жылғы сәуірде спорт кешені толық жұмысын тоқтатты.
Айта кетейік, Астана әкімі марафон кезінде жолды жабуға қарсы.