КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Жарқайың ауданында «Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Отрадный селосындағы су көзінен Кенский селосын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жобасы жүзеге асырылуда, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметінен.
Бұл су жүйесінің ұзындығы 31,1 шақырымды алып жатыр. Жоба 294,9 миллион теңгеге түсіп отыр. Сонымен бірге, Бірсуат, Шойындыкөл, Нахимовка және Құмсуат ауыл-селоларын сапалы ауыз сумен толықтай қамтамасыз ету мәселесі де біртіндеп шешілу үстінде. Биыл Бірсуат ауылында жүргізілген іздестіру-барлау жұмыстарының нәтижесі бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайындалатыны белгілі болды. Гидрогеологиялық зерттеулер жүргізіліп, ұңғыманың орны анықталды. Ал Державинск қаласындағы жер асты суларын химиялық сараптамадан өткізгенде су тұщы болғанымен, ішуге жарамсыз екені анықталды.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.