«Соңғы бес жылда зейнеткерлердің жұмыстан кеткілері келмейтіні байқалып отыр. Олар тағы қосымша 3-4 жыл еңбек етуді қалайды. Мұндай белсенділік, әсіресе кіші және орта медициналық қызметкерлер тарапынан бар», - дейді Н. Белан.
Оның айтуынша, бүгінде Абай аудандық ауруханасында зейнеткер 14 дәрігер мен орта буындағы медициналық қызметкер жұмыстарын жалғастыруда.
«Егер 40-45 жасқа келгендер зейнетке шығуға асықса, оған жеткендер қайта ойлана бастайды. Олар демалысқа ұмтылмай, тағы жұмыс істей аламын дейді», - деп атап өтті медициналық мекеменің жетекшісі.
Оның айтуынша, зейнет жүйесіндегі жаңғыртулар зейнет жинағын арттырумен қатар мамандардың әрі қарай өз мүмкіндіктерін іске асуларына жол жол ашпақ.