Жиын барысында партияның тарихи сәттері бойынша фотомұрағат материалдары таныстырылды. Бұл материалдар партия сайтында және әлеуметтік желілерде кеңінен таратылмақ.
«Бүгінгі шараны партияның тарихына арнап отырмыз. Атап айтқанда, партия құрылған сәтінен бастап, яғни 2002 жылдан 2016 жыл аралығында түрлі белестерден өтті. Партияның өткен жолдарын үш кезеңге бөлуге болады: 2002-2005 жылдың аралығы, 2005-2011 жылдың аралығы, сондай-ақ 2011 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі уақыт. Өздеріңіз де білесіздер, 2011 жылдан бастап «Ақ жолға» жаңа буын келіп, бизнес өкілдері тартылып, 2012 жылдағы сайлауда партия алғаш рет Парламентте өзінің фракциясын құрды»,-деп тоқталды «Ақ жол» партиясы Орталық Кеңесінің ұйымдастыру-бұқаралық жұмыс жөніндегі хатшысы Әбдіразақ Сұлтанов.
Сондай-ақ ол сол уақыттан бері «Ақ жол» өзінің нақты істерімен елімізде танымалдығын арттыруға мүмкіндік алғанан жеткізді.
«Алдағы сайлаудың қарсаңында сайлаушылармен бірге жұмысымызды жалғастырудамыз. Біз 14 жылдық тәжірибемізді пайдалана отырып, елімізді дамуына елеулі үлес қосу үшін алға жылжимыз»,-деді хатшы.