«Мен өмірімнің әрбір кезеңінде алдыма мақсат қойдым. Балалар үйінде өссем де, қиындыққа мойымадым. Оқи жүріп, жұмыс та істедім. Алайда басты арманым білім алу болды. Қазіргі жастарға керегі де саналы тәрбие мен сапалы білім», - дейді ғалымынң өзі.
Ал университеттің Экономика және бизнес жоғары мектебінің деканы Баян Ермекбаеваның айтуынша, бұл - өнегелі іс. Сағындық Сатыбалдыұлы білімі, тәжірибесі мен ғылыми ізденісінің жемісі болып табылатын, Қазақстан ғана емес, әлемдік экономиканы да қамтыған аса қымбат кітаптарын оқырмандарға, тәлімгерлерге табыстап отыр. Жалпы әйгілі ғалымның әр жылдары56 кітап пен кітапшасы, 400-ден астам мақаласы жарық көрген болатын.