Академик Сағындық Сатыбалдиннің «Қазақстан ғасырлар асуында» атты кітабы жарық көрді

trong>Қыркүйектің 15-і. ҚазАқпарат /Назира Елеухан/ - Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Сағындық Сатыбалдиннің «Қазақстан ғасырлар асуында» атты туындысының таныстырылымы өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ғалым кітапта Қазақстанның 55 жылдық экономикалық дамуына ғылыми талдау жасаған.  Еңбегін «Қазақстан кеше», «Қазақстан бүгін», «Қазақстан ертең» деп үш кезеңге бөліп қарастырған.

«Осы шығармамды КСРО деп аталған алып державаның қирандысынан шаңырағын көтеріп, бұл күндері дүние жүзі түгел мойындаған және ырғақты да қарқынды даму жолына түскен Қазақстан Республикасын құрып, оны жасампаздық идеямен байытқан көреген, кемел көшбасшы еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арнаймын», дейді  автор.

Кітап «Атамұра» баспасынан шыққан. Қазақстан экономикасының соңғы 50 жылда  өткен көптеген сараптамалық материалдары пайдаланылған еңбек 37 суреттен, 500 беттен тұрады.

Ғалымның бұл туындысы атқарушы билік қызметіндегілер мен кәсіпкерлерге, жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлары мен студенттеріне көмекші құрал болмақ. Сондай-ақ қалың бұқараға еліміздің өткені мен бүгінін сараптауға және болашағына бағдар жасауға толыққанды мағлұмат беретін ғылыми сараптамалық еңбек болмақ. Тұтас алғанда, ғалым өз кітабында Н.Ә.Назарбаевтың адамзат қоғамының интеграциялық даму дәуіріндегі экономикалық ғылыми ұстанымдарға жаңалық енгізушілік феноменін толыққанды сомдап шыққан.