Құны 19 000 доллар, салмағы 90 келіден асатын бұл ойыншық үй 3 қабаттан және құрамына 5 жатын бөлме, кітапхана, асхана, мәрмәр залы мен қосалқы бөлмелер кіретін 13 бөліктен тұрады. Ал, қашықтықтан басқару пульті көмегімен үйдің жарығын өшіріп, қосуға болады.
Қазір 40-қа келген Сара Уолкей 5 жасында әкесінен ойыншық үй жасап беруін сұраса керек. Әкесінің іске аспастай жоспарды қолға алғанын көрген қызы бұл жұмыстың сәтті аяқталатынына сенбеген екен. Бақытына орай, Джеффри өз ойын жүзеге асырып, қызын есейген шағында бір қуантты.