Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Ақмарал Ерекешева барлық қатысушының арасынан үздік нәтиже көрсетті. Ол төрт жаттығудың қорытындысы бойынша 111,35 ұпай жинады. Отандасымыз шығыршықпен орындалатын жаттығуда 28,60, доппен 27,30, ұршықтармен 27,75, таспамен 27,70 ұпайға ие болды.
Қазақстанның тағы бір өкілі Айбота Ертайқызы іріктеу кезеңін төртінші орынмен аяқтады. Оның жалпы ұпайы – 106,55. Гимнаст шығыршықпен орындалатын жаттығуда 27,65, доппен 26,55, ұршықтармен 24,85 және таспамен 27,50 ұпай жинады.
ҚР ҰОК мәліметінше, жекелей көпсайыстың финалына іріктеу кезеңінде үздік нәтиже көрсеткен он гимнаст жолдама алды.
Бұл бағдарламадағы жүлделер 3 қазанда сарапқа салынады.
Айта кетейік, дзюдошы Әділет Алмат алғаш рет жазғы Азиаданың күміс жүлдегері атанды.