Ауылдың 2010-2013 жылдарға арналған әлеуметтік даму жоспарына сәйкес республикалық бюджеттен 12 410,7 миллион теңге мөлшерінде қаржы қарастырылып отыр. Қомақты қаржы негізінде бір ауысымда 250 адамды қабылдауға шақталған аудандық емхана құрылысы, орталық бу қазандығы салынып, электр желілері мен жылумен қамту жүйелері ретке келтірілетін болады. Осыған орай 33 шақырым жаңа су құбыры тартылып, ауызсу түйткілі өз шешімін таппақ. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде 60 адамдық монша және кір жуу кешені салынып, келер жылы тағы бір монша іске қосылмақ. Сонымен бірге жаңа ойын-сауық орталығының құрылысы жобаланған.
12:28, 10 Қараша 2010
Ақмол ауылының даму жоспарына сәйкес республикалық бюджеттен 12 410,7 миллион теңге қарастырылды - Ақмола облысы
КӨКШЕТАУ. 10 қараша. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ағымдағы жылдың тамыз айында Елбасының Ақмола облысына қарасты Целиноград ауданының орталығы - Ақмол ауылына жұмыс сапары барысында өңірдің әлеуметтік экономикалық дамуына қатысты берген тапсырмалары шешімін табуда.