«Ақмола-Феникс» акционерлік қоғамы әлеуметтік мақсатқа 8 миллион теңге жұмсады

КӨКШЕТАУ. Сәуірдің 4-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Целиноград ауданындағы «Ақмола-Феникс» акционерлік қоғамы кәсіпкерліктің әлеуметтік үлесі бағдарламасы аясында жыл басынан бері 8 миллион теңге жаратып отыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қоғам басшысы Анатолий Юрьевтің айтуынша, еңбек ұжымы жылына бір жарым миллиард теңгенің өнімін өндіріп, қызметін көрсетеді. Қазірдің өзінде егіншілік, құс өсіру, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. 750 адам жұмысқа тартылып, олардың айлық табыстары 46 мың теңгеден айналуда. Оның сыртында тұрғындардың коммуналдық қызметіне, емдеу мекемелері мен мәдениет ошақтарына едәуір қаржы жұмсалып отыр. Оның сыртында 12 Ұлы Отан соғысының ардагері, 50 еңбек ардагері, 15 әлеуметтік жағдайы төмен отбасы қамқорлыққа алынған.