Ақмола облысында жаяу жүргіншілер өткелінде оқушыларды көлік қағып кетті
01:41, 02 Желтоқсан 2025
КӨКШЕТАУ. KAZINFORM – Ақмола облысында жаяу жүргіншілер өткелінде екі оқушыны көлік қағып кетті.
Жарақат алған 5 және 15 жастағы екі қыз ауруханаға жатқызылды. Оқиға Ақмола облысының Целиноград ауданында болған.
Облыстық Полиция департаменті мәліметінше, 1 желтоқсанда жүргізуші «Ниссан Премьера» автокөлігімен Қоянды кентінде жүріп келе жатып, жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан 2 кәмелетке толмаған баланы соғып кеткен.
– Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды. Аталған факт бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлады полициядан.
Айта кетейік, Алматыда жаяу жүргіншілер жиі зардап шегетін көше қиылыстары белгілі болды.
Ақмола облысында Mercedes жүргізушісі төрт жаяу жүргіншіні қағып кетті.