Ақмола облысында «Астана – Петропавл» тас жолында қалған автобустың 16 жолаушысы эвакуацияланды, деп хабарлайды Kazinform.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жолдың шетінде тұрып қалған Hyundai автобусына жол патрульдік полиция қызметкерлері Айбол Қабдуәлиев пен Илья Қабдуәлиев көмекке келген.
– Автобуста 16 жолаушы болды, оның 1-еуі бала. Полиция қызметкерлері жолаушыларды Біржан сал ауданының ауылдық кітапханасындағы жылыту орнына орналастырды, - деді ведомстводан.
Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында жолда қалған 200-ден астам адам пойызбен эвакуацияланғанын жазған едік.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.