«Департамент бастығының орынбасары А.Садуов пен қаржылық қамтамасыз ету басқармасының бастығы С.Жұмалинаға қатысты сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне жол берді деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жұмыстарының жүріп жатуына байланысты Полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Б.Билялов атқарып отырған лауазымынан босату туралы рапорт берді», делінген хабарламада.
Сондай-ақ онда Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Ақмола облыстық Полиция департаменті бастығының міндетін атқару ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Арманбек Баймұрзинге жүктелгендігі айтылған.