деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық прокуратура баспасөз хатшысы Шынар Сансызбаеваның айтуынша, облыстық бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті осы уақытта еңбек заңдылығының сақталуын қадағалау мақсатымен 1 267 кәсіпорында тексеріс жүргізіп, 6 373 заңсыздықты анықтаған. Соған сәйкес 1 409 хаттама толтырылып, бір миллион теңгеден астам айыппұл өндіріліп алынған. Алайда прокурорлық тексеріс көрсеткендей, осы уақытта 21 кәсіпорын 429 адамды жұмыстан шығарған. Он жұмыс беруші 2 595 адамды қысқартылған жұмыс уақытымен іске тартылуына жол берген. Айталық, «Степнгор подшипник зауыты» АҚ-ында 2 122 адам, «ҚазШпал» АҚ-ында-277, «Паралельсервис» ЖШС-інде 72 адам осындай халге душар болған. Өндірістің уақытша тоқтатылуымен 13 кәсіпорынның 600 жұмысшысы ақысыз демалысқа жіберілген. Департамент инспекторлары «Натурпродукт», «Нар-Ойл», «Енки» ЖШС-терінде жалақы қарызын өтеп алуға ықпал жасағанымен, серіктестік басшыларын жауапкершілікке тарту бағытында еш әрекет жасамаған. Осы тектес оралымсыздықтарға орай прокурорлық қадағалау нәтижесінде тиісті ұсыныс-хаттама толтырылған. Соның қорытындысы арнайы бақылауға алынатын болады.