Бұл күні департаментке келушілер қала тұрғындары, жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері мен оқушылар жаңадан ұйымдастырылған департаменттің жұмысы, сот актілерін орындауға қатысты іс-шаралар, сот үкімінің орындалуын қамтамасыз ету жайында мол мағлұмат алды. Департамент бастығы жеке мәселелер бойынша қабылдау өткізіп, туындаған сауалдарға жауап қайтарды. Айталық, Гүлжан Сәдуова қалалық сот шешіміне орай қарызға берген 500 мың теңгесін қайтару жайында түсінік алса, Вадим Светличный жер теліміне, Динара Қасқапова алименттің төленбеуі турасында түсінік алды.
Сот орындаушылар өткен жылы жалпы сомасы 15 миллиард 814 миллион теңгемен байланысты 48 мың 39 сот актілерінің 29 мың 202-сінің, яғни 60,8 пайызының нәтижелі болуын қамтамасыз еткен. Қалғандары бойынша нақтылы шаралар қолданылып, орындалу үстінде.