Ақмола облысы әкімінің жаңа орынбасарлары тағайындалды

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы әкімінің жаңа орынбасарлары тағайындалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.



Облыс әкімінің өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі негізінде Василий Леонидович Крылов облыс әкімінің өндірі саласы бойынша орынбасары болып тағайындалды.

Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Жаңбыршыұлы Нұркеновтің басқа жұмысқа ауысуына байланысты лауазымынан босатылып, орнына Айна Ермекқызы Мысырәлімова тағайындалды. Айна Ермекқызы облыс әкімінің әлеуметтік сала бойынша орынбасары қызметін атқарады.

Соңғы жаңалықтар