Кедендік төлемдер мен салықтар түсімі бойынша жоспарлық тапсырма 148,8 пайызға орындалды, деп мәлім етті Ақмола облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті баспасөз қызметінің бас маманы Нұрлан Ысқақов. Сондай-ақ Департаменттің құқық қорғау блогымен бір қылмыстық іс қозғалды. 42 қозғалған әкімшілік істердің 8-і сотқа жіберілді. Кедендік бақылау департаментімен 33 іс қаралды, олар бойынша жалпы сомасы 4 млн. 635 мың 570 теңгеге айыппұлдар салынды.
Кинолог қызметкерлер өзге құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүргізген жұмыстары нәтижесінде заңсыз әкелінген есірткі құралдарының 4 фактісі анықталды. Ал посткедендік бақылау басқармасымен өткізілген тексерулер натижесінде 370 миллион 250 мың теңге анықталып, одан 42 млн. 968 мың теңге мәжбүрлеп төленді.