08:17, 10 Сәуір 2009
Ақмола облысында 2009 жылдың бірінші тоқсанында инфляция 1,5 пайызды құрады
КӨКШЕТАУ. Сәуірдің 10-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облыстық статистика басқармасының деректеріне сәйкес 2009 жылдың бірінші тоқсанындағы инфляция деңгейі 1,5 пайызды құрап,
азық-түлік тауарларының бағасы 1,1 пайызға, өнеркәсіп тауарлары 2,3 пайызға, ақылы қызмет бағасы 1,2 пайызға өскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Осы кезеңде азық-түлік базарында қант 17,4 пайызға, шәй-13,1, алкогольді ішімдік-11,6, темекі-9,6, көкөніс пен жеміс-жидек-4,5, сүт өнімдері-1,8 пайызға қымбаттап, сұйық май-18,5, жұмыртқа-8,5, күріш-5, ұн-4,7, ет-1,1, нан мен жарма-0,8 пайызға арзандады. Өнеркәсіп тауарлары ішінде жеке гигиена тауарларының бағасы -13, ыдыс-3,3, баспа өнімдері-4,2, фармацевтика өнімдері-5,3, киім мен аяқ киім-3,3, тұрмыстық техника-2,5 пайызға өсіп, бензин 9,1 пайызға, көгілдір отын-5,3 пайызға арзандады.