деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика басқармасының деректеріне сілтеме жасап.
Осы уақыт аралығында тұрғындарға көрсетілген байланыс қызметі былтырғы жылға қарағанда 6,8 пайызға өсіп, 3 373 миллион теңгеге жеткен. Жылдық табыстың құрылымында 33,6 пайызы қалааралық, 23,6 пайызы-жергілікті, 12,8 халықаралық телефон байланысына, 5 пайызы телеарналар мен радио хабарларын таратудан, 15,6 пайызы ғаламтор байланысынан түсіп отыр. Ал 4,8 пайызы пошта және курьерлік қызмет түрлеріне қатысты.