Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша, 4 миллион 197,7 мың гектар алқапқа дәнді және бұршақты дақылдар себу жоспарланса, бүгінгі күні оның 4 миллион 101,8 мың гектарына ырыздық дәні сіңірілді. Бұл барлық егіс алқабының 97,7 пайызын құрайды. Егіс алқаптары ауқымды Жарқайын, Есіл және Жақсы аудандары алғашқы болып, көктемгі егіс жұмыстарын 100 пайызға орындап отыр.
Санаулы күннің ішінде қалған аудандарда аяқтайтынына сенім мол. Оған ауа райы да қолайлық танытып отырған жайы бар.