бұл 2009 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 0,7 пайызға көп.
Осы уақытта тасымалданған жүктердің барлығы дерлік жүк көліктеріне тиесілі болып отыр. Жыл ішінде жүк айналымы 2 миллиард 828 миллион тонна/шақырым деңгейінде қалыптасып, өсім бұрнағы жылмен салыстырғанда 26,4 пайызға артты. Сондай-ақ осы кезеңде көліктер қызметін пайдаланған 1 миллиард 58 миллион адам діттеген жерлеріне жеткен, бұл 2009 жылға қарағанда 11,1 пайызға жоғары. Жыл ішіндегі жолаушылар айналымы 5 миллиард 148 миллион жолаушы/шақырымға жетіп, өсім бұрнағы жылға қарағанда 3,4 пайызды құрады. Жолаушылардың барлығы дерлік автокөлік қызметіне жүгінген.