Еске сала кетсек, биылғы жылдың 10 қыркүйегінде полцияның кіші сержанты Данияр Аманжолов өртеніп жатқан үйдің ішіне терезесін бұзып кіріп, анасы мен төрт баланы сыртқа алып шықан.
Сонымен қатар, Ұлттық гвардия және ішкі істер органдары ардагерлер ұйымының жұмысына елеулі үлес қосқан отставкадағы полиция полковнигі Болат Сабыров «ҚР ІІМ Құрметті ардагері» төс белгісімен, отставкадағы полиция полковнигі Болат Әбілейұлы және отставкадағы подполковнигі Жанат Қожамқұлов Ұлттық гвардия және Ардагерлердің қазақ кеңесі грамотасымен марапатталды.
Шара барысында бұдан басқа да бір топ полиция қызметкерлері марапатталып, қызмет лауазымы жоғарылатылды.
Марапат иелерін облыстық ІІД басшысы Жайлаубек Халықұлы құттықтап, салтанатты түрде марапаттарын тапсырды.