КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында Ақкөл, Астрахан, Біржан сал және Бурабай аудандарының егіншілері көктемгі егіс жұмыстарын толық аяқтап шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының деректеріне сілтеме жасап.
Басқарманың мәліметінше, бүгінгі күні жоспарлы 4 миллион 446,1 мың гектар егіс алқабының 92,4 пайызында негізгі дақыл - бидай тұқымын себу жұмыстары тәмамдалып қалған. Маусымдық маңызды агрономиялық іс-шараны Ақкөл, Астрахан, Біржан сал және Бурабай аудандарының егіншілері көктемгі егіс жұмыстарын толық аяқтап шықты. Сонымен бірге, Жарқайың, Есіл, Жақсы, Атбасар аудандарының механизаторлары жоғары қарқынмен әрі сапалы атқаруда.
Бұдан бөлек, майлы дақыл алқабы 254 мың гектарға орналастырылатын болса, 15,7 мың гектарға картоп, 3,5 мың гектарға көкөніс отырғызылды.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.