деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық жол полициясы басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Екі қала аралығындағы тас жол бойында «Ауди» жеңіл көлігінің жүргізушісі жылдамдықты шамадан тыс арттырып, рөлге ие бола алмай, аударылып қалған. Нәтижесінде Еңбекшілдер аудандық ішкі істер бөлімінің полиция капитаны, 1976 жылғы учаскелік инспектор мен бір жолаушы өмірден озған. Ал жанындағы кәмелетке жасы толмағандар ісі жөніндегі инспектор мен азаматша ауыр дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.