Бұл туралы Ақмола облыстық ІІД-нің жол полициясы басқармасының баспасөз қызметінен хабарлайды.
Бұл баптың санкциясы бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.
Зардап шегушілердің тізімі жасалды, олар барлық медициналық мекемелер мен ІІБ-нің жауапты қызметкерлерінде бар, қалған қаза тапқан адамдардың есімдерін анықтау бойынша жедел шаралар қабылдануда.
Зардап шеккендердің туыстарын күтіп алу және оларға барлық ұйымдастырушылық мәселелерді шешуде қажетті көмек көрсету шаралары ұйымдастырылуда. Оқиға орнын қарау, апатты техниканы көшіру және көлік құралдарының жолдан бөгетсіз өтуін қамтамасыз ету шаралары жалғасуда.
Аталған орындардағы барлық шараларды ІІД-нің басшылығы жүзеге асыруда.