деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Осы уақыттағы жеке меншік нысандағы кәсіпорындар өткізілген тауарлардың және жеке кәсіпкерлердің саудасынан түскен айналым 4 269 миллион теңге, яғни 99,4 пайызды, заңды және азаматтардың басқа мемлекеттік меншігі бойынша 0,6 пайызды құрады. Қаңтардағы аралас және азық-түлік емес базарларда, жеке кәсіпкерлерден сатып алу есебінен алынған бөлшек тауар айналымының көлемі 2 166 миллион теңгені құрады, тұрақты бағамен бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,4 пайызға азайды. Жыл ішіндегі көтерме сауда тауар айналымы 5 296 миллион теңгені құрады, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 30,8 пайызға төмендеді. Қаңтар айында қоғамдық тамақтандыру қызметінің көлемі 202 миллион теңгеге жетіп, өсім 12,8 пайызға тең болды. Бұл ретте ол Көкшетау қаласында - 52 пайыз, Бурабай ауданында -16 пайыз, Степногор қаласында - 9,4 пайыз деңгейінде қалыптасты. Осы уақытта көліктерге, мотоциклдерге 109 миллион теңгенің техникалық қызметі көрсетілген.