ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім еткендей, шілденің 8-і күні түсте Шортанды ауданы, Ключи ауылындағы «Байдарбек» шаруа қожалығына тиесілі далалы алқаптан өрт шығып, жалын 400 гектар аумаққа тараған.
Құтқарушылар отты сөндіру барысында күлге айналған «Ниссан» автокөлігін тапты. Олардың айтуынша, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Тілсіз жау Ақмола облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті өртке қарсы қызметінің 37 адамы мен 8 техникасының күшімен сегіз сағаттан кейін ауыздықталды.