Жол-көлік апаты 25 қарашада «Астана - Петропавл» жолының 192 шақырымында болған. 52 жастағы Грузия азаматы «Volkswagen Jetta» маркалы көлікті жүргізіп келе жатқанда, жолды тазалап жатқан көлікпен қақтығысты.
Апаттың салдарынан оқиға жерінде жеңіл көлік жүргізушісі және Петропавл қаласының тұрғыны, 23 жасар жолаушы көз жұмды.