19:39, 24 Наурыз 2009
Ақмола облысында қаңтар айындағы орташа айлық табыс 11,1 пайызға өскен
КӨКШЕТАУ. Наурыздың 24-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысында 2009 жылдың қаңтар айындағы орташа айлық табыс өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 11,1 пайызға артты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика басқармасының деректеріне сілтеме жасап.Экономикалық қызметтер бойынша алып қарағанда, ең жоғары айлық қаржы саласында - 75 мың 661 теңге, бұл облыстық орташа табыстан 1,8 есеге жоғары. Ең төменгі нәтиже ауыл шаруашылығы саласында - 24 мың 898 теңгені құрайды, ол облыстық орташа деңгейдің 58,7 пайызына тең. Білім беру жүйесінде 34 мың 446 теңге, денсаулық саласында 39 мың 199 теңге, бұл облыстық орташа көрсеткіштен тиісінше 18,7 және 7,5 пайызға төмен. Өңірдің барлық аудандарында айлық жалақы облыстық орташа деңгейден төмен. Тек Көкшетау қаласында айлық жалақы 49 мың 510 теңге, ал Степногорда - 48 мың 26 теңге, Щучье ауданында - 46 мың 193 теңге, Еңбекшілдер ауданында - 42 мың 531 теңгені құрайды.